ШҰҒЫЛ: Министрліктер үйінде болған өрт ғимараттың балконынан шыққан - ТЖД
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Министрліктер үйінде болған өрт ғимараттың балконынан шыққан. Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Бибігүл Есмағамбетова мәлім етті.
«Жалын Министрліктер үйінің екінші қабатындағы балконда тұтанып, 1 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жауды өрт сөндіру қызметі келіп жетпей тұрып, осы ғимаратта кезекшілік ететін арнайы топтың өрт сөндіру қызметкерлері ауыздықтады, - деп атап көрсетті Б. Есмағамбетова.