ШҰҒЫЛ: «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулыға өзгертулер енгізілді

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

ШҰҒЫЛ: «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулыға өзгертулер енгізілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 Астана, Үкімет Үйі 2012 жылдың 18 ақпанынан № 237 бұйрық

 «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 227-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беретін рәсімдерді өткізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңа объектілер салуға және қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 каңтарынан ерте емес қолданысқа енгiзiледi.

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.

  Үкіметтің қаулыға енгізген қосымшасы баспасөзде жарияланды.