ШҰҒЫЛ: ОҚО-да жоғалып кеткен туристер Өзбекстанда табылды
ТАШКЕНТ. 27 шілде. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен туристер қазір Өзбекстанда.
Бұл туралы агенттік тілшісіне Өзбекстандағы ҚР Елшілігінің консулы Бабур Дәуренбек мәлім етті.
Бұдан бұрын Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында елдегі таулардың бірінде 12 турист, соның ішінде тоғыз жасөспірім жоғалып кеткендігі туралы ақпарат тараған болатын. Бір топ турист Шымкенттен Сайрам шыңына дейін жүріп өтпек болған.
Дипломаттың айтуынша, туристер табылған, олар қазір Ташкент облысы Бостандық ауданындағы аудандық ішкі істер бөлімінде. Қазіргі таңда консул қажетті шараларды қолға алу үшін сол жерге аттанды.