ШҰҒЫЛ: ОҚО-да жол апатында 8 адам қаза болды, олардың үшеуі - балалар
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - ОҚО-да жол апатында 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бүгін түнде Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш-Жылға тасжолының 30-шақырымында «Ауди» мен «ГАЗель» көліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан «Аудидің» жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы, соның ішінде 5, 8 және 11 жастағы балалар оқиға орнында ажал құшты.
«ГАЗельдің» жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.