ШҰҒЫЛ: Орал қаласында белгісіз біреу қызға оқ аттты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін түс ауа Орал қаласы Құрманғазы көшесі 100-үй тұсында оқыс оқиға орын алды.

ШҰҒЫЛ: Орал қаласында белгісіз біреу қызға оқ аттты

Алдын ала мәліметке қарағанда, белгісіз біреу балконнан осы тұстан өтіп бара жатқан қызға травматикалық тапаншадан оқ атқан. Аталмыш жаяу жүргінші жақын маңдағы емдеу орнына қаралған.

Қазіргі кезде осы оқиғаның себеп-салдары анықталуда. БҚО ішкі істер департаменті әзірге толық мәлімет бермей отыр.