13:55, 19 Қараша 2011 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Өзбекстанның теміржолында жарылыс болды
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы «Термез-Қорғантөбе» бағытындағы теміржол желісінде жарылыс болды,
деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Утро.ру агенттігінің жазғанындай, келеңсіз жағдайдың себебі мен қалай болғанын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды. Өзбекстанның құқық қорғау органдары тиісті жедел-тергеу шараларын жүргізуде.