ШҰҒЫЛ: Плей-офф: «Барыс» алғашқы ойында «Трактордан» басым түсті

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сындары аясында алғашқы ойын өткізген астаналық «Барыс» клубы Челябі қаласының «Тракторын» жеңді.
None
None

Қызықты да тартысты өткен ойынның үш кезеңінде де екі команда бір-біріне бой бермеді. «Барыс» үнемі алға шықса, «Трактор» қарымта шабуылдармен жауап беріп отырды. Соңғы кезеңде астаналық хоккей клубы 3:2 есебімен жеңіп тұрды. Алайда ойынның аяқталуына 2 минуттай қалған кезде, қарсыластар бір шайбаны салып үлгерді. Есеп - 3:3. Осыдан кейін төрешілер овертайм ретінде қосымша 20 минуттық төртінші кезеңді белгіледі. Онда да екі команда біраз арпалысты. Соңғы минуттарда Роман Старченконың алыстан көздеген тамаша соққысы нәтижелі аяқталды. Есеп - 4:3. Сонымен Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сындары аясындағы алғашқы ойынында «Барыс» командасы жеңіске жетті.

Айта кеткен жөн, плей-офф ойындары кезінде команда төрт мәрте жеңіске жетуі тиіс. Сонда ғана ол келесі айналымға өтеді. Әзірше, «Барыста» бір ұпай бар. Келесі ойын ертең, 22 ақпанда сол жерде - Челябі қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар