14:35, 01 Маусым 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Римде ұсталған Мұхтар Әбіләзовтің әйелі мен қызы Қазақстанға қайтарылды
БРЮССЕЛЬ-РИМ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Рим қаласының құқық қорғау органдары 31 мамыр күні Италия аумағында заңсыз әрі Айан Алма деген аты-жөнге рәсімделген,

орталықафрикалық республикалардың бірінің жасанды төлқұжатымен жүрген іздеудегі экс-банкир Мұхтар Әбіләзовтың әйелі 47 жастағы Шалабаева Алма Боранбайқызы мен олардың кәмелеттік жасқа толмаған қызы Әбіләзова Алуа Мұхтарқызын Қазақстан Республикасына қайтарды.