ШҰҒЫЛ: «Самұрық-Қазына» Қоры ағымдағы жылы 2032, ал 2013 жылы 2179 қызметкерін қысқартпақ

Бұл туралы бүгін аталған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
«Өткен кезеңдерде біз компанияның құрылымдары мен қызметкерлерін оңтайландыру мәселесіне зор көңіл бөлдік. Ақыры соңында бұл кезеңдегі барлық мәселелерді шештік және барлық еншілес компаниялардың басшыларымен хаттамаға қол қойдық. Онда 2012 жылы «Қазмұнайгаз» АҚ бойынша 623, «Қазақстан темір жолы» компаниясының орталық аппаратынан 135 және қосымша компаниялар тобынан 2013 жылы 1815, «ҚазАтомөнеркәсіп» АҚ-дан 235, 2013 жылы қосымша 239 қызметкерді қысқарту көзделген», - деді ол.
Сонымен қатар оның айтуынша, «Қазақтелеком» осы жылы 286, ал 2013 жылы 287 қызметкерін, «Самұрық Энерго» компаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін 250, «Қазпошта» 253, «Қазинженириг» 120 қызметкерін қысқартпақ.
«Нәтижесінде бұл топтар бойынша әкімшілік-басқару қызметкерлері санының 2012 жылы 2032, ал 2013 жылы 2179 бірлікке қысқаруына мүмкіндік береді», - деді қор басшысы.