ШҰҒЫЛ: «Сары Бөктер» шекара бекетінің бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - «Сары Бөктер» шекара бекетінің бұрынғы бастығы А.В. Фоминге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

ШҰҒЫЛ: «Сары Бөктер» шекара бекетінің бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу органдары әскери қызметші А.В.Фоминге қатысты қылмыстық істі аяқтады. Оған қару-жарақты заңсыз сақтаған, жалған құжат жасаған, қызметіндегі әрекетсіздігі және билікті асыра пайдаланған деген айыптар тағылуда.

2012 жылдың 31 қазанында қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді.