ШҰҒЫЛ: Семейде туған украиндық боксшы Владимир Кличко Мәскеуде Александр Поветкинге алғашқы жеңіліс дәмін таттырды

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Украиндық боксшы Владимир Кличко Мәскеудегі "Олимпийский" спорт кешенінде өткен ресейлік Александр Поветкинмен титульдық жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлады ресейлік "Жаңалықтар" агенттігі
None
None

Жекпе-жек 37 жастағы Кличконың ұпай саны бойынша жеңісімен аяқталды.

Бұл 34 жастағы Поветкиннің алғашқы жеңілісі болды. Бұдан бұрын ресейлік боксшы 26 ұрыс (оның ішінде 18-ін нокаутпен) өткізіп, бірде-бір рет жеңіліс дәмін татпаған еді. Владимир Кличко 61 рет жеңіске жетіп (51-ін мерзімінен бұрын) үш рет қана жеңілген.

Атап өтерлігі, украиндық боксшы Владимир Кличко Семейде дүниеге келген болатын. Қазақстандық бокс жанкүйерлері бәс тігіп, жекпе-жектің Кличконың жеңісімен аяқталарын болжаған болатын.

Соңғы жаңалықтар