ШҰҒЫЛ: Серік Сәпиев Олимпиада жүлдесіне біртабан жақын қалды

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін ХХХ жазғы ойындарда қазақ елінің атынан жарыс жолына шыққан Серік Сәпиев жапондық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты.

ШҰҒЫЛ: Серік Сәпиев Олимпиада жүлдесіне біртабан жақын қалды

Үш кезеңде де өзінің басымдығын танытқан Серік, тіпті екінші раундта жапондық Ясухиро Сузукиді нокдаунға жіберді. Дегенмен, жапон спортшысы өзінің тәжірибесі арқасында жекпе-жекті соңына дейін жеткізе алды. Шаршы алаңдағы кездесу 25:11 есебімен С.Сәпиев пайдасына шешілді.