ШҰҒЫЛ: Шекара қызметі Академиясы бастығының өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды - Бас әскери прокуратура

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясы бастығының өзін-өзі өлтіру фактісі бойыншы қылмыстық іс қозғалды.

ШҰҒЫЛ: Шекара қызметі Академиясы бастығының өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды - Бас әскери прокуратура

Бұл туралы Бас әскери прокуратурадан мәлім етті.

Бұған дейін хабарланғандай, 2013 жылғы 31 қаңтарда сағат 19.55 шамасында Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Академиясының ғимаратында өзінің қызметтік кабинетінде генерал-майор Талғат Малғаждарұлы Есетовтің оқ жарақаты бар өлі денесі табылды.

Оқиға болған жерге Бас әскери прокурордың орынбасары Б.Қ. Мырзакеров және тергеу-жедел анықтау тобы барды.

2013 жылғы 1 ақпанда осы оқиға бойынша Алматы гарнизонының әскери прокуратурасымен қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық істі тергеу Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорына тапсырылды.