ШҰҒЫЛ: Шекара қызметі «Батыс» өңірлік басқармасының бастығы генерал-майор Ә. Ілиясов ұсталды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаменті Шекара қызметі «Батыс» өңірлік басқармасының бірқатар әскери қызметшілеріне қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1 бабының  2-бөлігі «в» тармақшасы, 311-бабының 5-бөлігі бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және пара алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуде.

ШҰҒЫЛ: Шекара қызметі «Батыс» өңірлік басқармасының бастығы генерал-майор Ә. Ілиясов ұсталды

Бүгін, 22 қарашада ҰҚК тергеу-жедел тобы осы қылмыстық іс бойынша Шекара қызметі «Батыс» өңірлік басқармасының бастығы генерал-майор Ә.Н. Ілиясовты ұстады.  Тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.