ШҰҒЫЛ: Теміртауда кәріз құдығына құлап кеткен 2 жасар баланың мүрдесі табылды

АСТАНА: 26 мамыр. ҚазАқпарат - Теміртауда кәріз құдығына құлап кеткен 2 жасар баланың мүрдесі табылды. Бұл туралы «Оқжетпес» ЖШС-нің баспасөз хатшысы Анна Скиданенко мәлім етті.

ШҰҒЫЛ: Теміртауда кәріз құдығына құлап кеткен 2 жасар баланың мүрдесі табылды

«Өскеменнен шақырылған сүңгуірлер бүгін фекаль сорғыш стансаны тексеріп шықты. Нәтижесінде батып кеткен 2 жасар сәбидің денесі табылды», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай 24 мамыр күні Теміртау қаласының Металлургтер даңғылында орын алды. 2 жасар бала кәріз құдығына құлаған. Кәріз жүйесіне қызмет көрсететін «Окжетпес» ЖШС-нің арнайы техникасының көмегімен 400 м диаметрдегі 1500 метрлік коллектор тексерілді. Алайда бұл ешқандай нәтиже бермеген еді. Куәгерлердің айтуынша, анасымен қыдырып жүргенде 2 жасар Егор Хмиль люктың қақпағын байқаусызда басып кетіп, кәріз құдығына құлаған. Оның анасы баланың соңынан секірген, алайда 25 жасар әйел ұлын судан таба алмады. Көшеде өтіп бара жатқан кісілер оның құдықтан шығарып алды.