09:03, 22 Ақпан 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Түнде Таразда көпқабатты үй өртеніп, 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді, зардап шеккендер бар
АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін, түнгі сағат үш шамасында Тараз қаласындағы бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерде өрт болды.

ҚР ТЖМ-нен хабарлағандай, 30 шаршы метр аумаққа тараған жалын бір сағатта сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 18 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Мәлім болғандай, 22 адам құтқарылып, 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Күйік жарақаттарын алған екі адам, иіс тиіп уланған 72 жастағы ер адам мен төрт бала, соның ішінде нәресте ауруханаға жеткізілді.