ШҰҒЫЛ: Вашингтонда болған атыстан 12 адам қаза тапты
ВАШИНГТОН. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - АҚШ-тың ВМС нысанында болған атыста кем дегенде 12 адам құрбан болды. «Қылмыстың себебі әлі белгісіз»,
деп мәлімдеді журналистерге Вашингтон мэрі Винсент Грэй. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Вашингтон полициясы осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген екі күдіктіні тапқанша азаматтарды үйлерінде қалуға шақырады.
Осыған дейін хабарланғандай, АҚШ полициясы атысты бастаған екі адамды ұстады. Олардың біреуі мерт болды. Деректерге қарағанда, атысты кем дегенде үш адам бастаған.
Оқ атылған ғимаратта шамамен үш мың адам жұмыс істеуде. Оқиға орнына Вашингтон полиция күштері тартылған.