ШҰҒЫЛ: Владислав Челах өзіне-өзі қол салмақ болды - Бас әскери прокуратура

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат -  Владислав Челах өзіне-өзі қол салмақ болды, деп хабарлады ҚР Бас әскери прокуратурасы.
None
None

«2012 жылғы 11 қазанда сағат 16-ға таман ЛА-155/16 мекемесінің ішкі кезекшісі камераларды кезекті тексеру кезінде тергеуде  жатқан тұтқындағы В.В. Челах спорттық шалбарын терезе торына байлап өзін асып өлтіруге әрекет жасамақшы болғанын анықтады. Мекеме әкімшілігі алдын алу шараларын қолға алды.

Бұл дерек Алматы облысы ішкі істер департаментінің өтініштер мен ақпараттарды есепке алу кітабында суицид жасау әрекеті ретінде тіркелді, ІІД қызметкерлері қазіргі уақытта тексеру шараларын жүргізуде. 
В.В.Челахтың денесін тексеріп қарау барысында зақым келмеген. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық және ол белгіленген кесте бойынша іс материалдарымен танысуды жалғастыруда», - делінген ҚР Бас әскери прокуратурасының хабарламасында.

Еске сала кетейік, 30 мамырда «Шығыс» шекара қызметі аймақтық басқармасының «Сары Бөктер» шекаралық заставасының шекара жасағы  жазғы кезде 15 шекарашы қызмет атқарып жатқан «Арқанкерген» шекаралық бекетінің таудағы ғимараты өртеніп кеткенін көрген. Өртеніп кеткен казарма мен офицерлер үйін қараған кезде 13 адамның өртенген мүрдесі анықталды. Өртенген мәйіттің біреуі жақын маңдағы өзен жағасынан табылды. Бұдан басқа, «Арқанкерген» бекетінен 150 метр жердегі аңшылық шаруашылығының күзетшісі үйінен автоматтан бірнеше рет атылған оқтан өлтірілген Руслан Кимнің мәйіті табылды.

4 маусымда шекаралық жасақ шопан қыстағынан 1992 жылы туған, «Арқанкерген» бекетінде болған шекарашылардың бірі Владислав Челахты ұстады. Онда азаматтық киім, капитан Кереевтің ноутбугі мен пистолеті, сондай-ақ кейбір өлген әскери қызметшілердің ұялы телефондары болған. Сол күні адвокаттың қатысуымен тергеу барысында В.Челах өзінің қызметтестері мен Руслан Кимді өлтіргенін мойындады.

Соңғы жаңалықтар