ШҰҒЫЛ: Владислав Челахтың тергеу жауаптарының шынайылығы тексерілуде - Бас прокуратура
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Владислав Челахтың тергеу жауаптарының шынайылығы тексерілуде. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Қазіргі уақытта В. Челахтың берген жауаптарының шынайылығы тексерілуде. Сонымен бірге бекетке сырттан шабуыл жасау белгілері тергеумен анықталған жоқ», - деді ресми өкіл.
Н. Сүйіндіковтің атап өтуінше, тергеу аясында барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Оның ішінде В. Челахтың жеке басына қатысты психологиялық сараптама да бар. «Қазіргі уақытта сарапшылар 11 әскери қызметкердің аты-жөндерін анықтады. Сараптама шекарашылардың да, қорықшының да алкогольдік ішімдік ішу факторын жоққа шығарды.