11:01, 03 Қазан 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Жанар-жағармайдың шекті бағалары өзгертілді - ҚР ТМРА
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Реттелетін жанар-жағармайдың шекті бағалары өзгертілді, деп хабарланды ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметінен.

Брент маркалы мұнай бағасының маусымдағы 104,09 АҚШ долларынан қыркүйекте 114,8 АҚШ долларына дейін өзгеруіне байланысты, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы сатылымының шекті бағалары, ҚҚС қоса есептегенде ү.ж. 3 қазанында төмендегідей болды:
- Дизель отыны - 1 литрі үшін 94 теңге;
- Аи - 80 - 1 литрі үшін 89 теңге;
- Аи - 92 - 1 литрі үшін 110 теңге.
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы сатылымына шекті бағаларды белгілеу туралы» 2012 жылғы 2 қазандағы №249-НҚ Агенттіктің бұйрығы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ және экономикалық даму және сауда министрліктерімен келісілді.
Бұйрықтың толық мәтіні Агенттіктің www.arem.kz сайтында «Заңнама» бөлімінде орналастырылды.