ШҰҒЫЛ: Жазира Жаппарқұл қазақ қыздары арасында ауыр атлетикадан алғашқы Әлем чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Гватемаланың  Антигуа қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында   Жазира Жаппарқұл Әлем чемпионы атанды.
None
None

ҚР Спорт істері және дене шынықтыру агенттігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымовтың хабарлауынша, 10 мамырда жалауы көтерілген бұл дүбірлі дода 18 мамырда аяқталады. Оған дүниежүзінің  52 елінен 440 спортшы қатысуда. Олардың 250-і - ерлер, 190-ы қыздар арасында бақ сынауда. Онда Қазақстан намысын қорғауды бапкерлер ерлер арасында - 2,  қыздар арасында  2 атлетке сеніп тапсырған болатын.  Олардың арасынан 69 келіге дейінгі Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеруде  106 келіні, ал серпе көтеруде  133 келіні бағындырып, қоссайыстың қорытындысы бойынша  (239 кг) әлемнің ең үздік атлеті атанды.

Соңғы жаңалықтар