ШҰҒЫЛ: Жерге қатысты жалдау шартын бұзу арқылы соттан тыс жер учаскелері мәжбүрлеп алынуы мүмкін

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Жерге қатысты жалдау шартын бұзу арқылы соттан тыс жер учаскелері мәжбүрлеп алынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында мәлім болды.

ШҰҒЫЛ: Жерге қатысты жалдау шартын бұзу арқылы соттан тыс жер учаскелері мәжбүрлеп алынуы мүмкін

Құжатты таныстырған Өңірлік даму министрлігі, жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Қадырхан Отаровтың айтуынша, заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Бұл ретте жер кодексіне тиісті өзгерістер ұсынылады.

«Атап айтқанда, жер учаскелері шаруа немесе фермер шаруашылығын жүргізу үшін берілген жосықсыз жер учаскелері меншік иелері мен пайдаланушылардың орталықтандырылған дерек қорын жүргізу қарастырылады. Бұдан бөлек, алынған сәттен бастап 2 жыл ішінде тұрғын үй құрылысы немесе өзге де құрылысқа арналған жер учаскелерін тиісті мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда ескерту жасау институтын жою көзделеді. Бұдан бөлек жалға беруші мен жалдау шартын бұзу арқылы соттан тыс тәртіппен жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою қарастырылады»,-деді Қ. Отаров.