ШҰҒЫЛ: «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналында ҚР Конституциясын бұзушылық анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналының сәуір айында жарық көрген нөміріне қатысты мәлімдеме жасады.
None
None

«Журналдың мазмұнында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын бұзушылық, атап айтқанда әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚР Қылмыстық кодексінің 164-бабы) белгілері бар.

Аталған факті бойынша Агенттік тиісті шаралар қабылдауда», деп жазылған ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, басылымының сәуір айындағы номерінің көп бөлігі Адольф Гитлер тұлғасының жан-жақты қырларын және фашистік идеологияны ақтап алуға арналған.

Атап айтқанда, «Гитлер фашист емес» деген тақырыппен шыққан материалдарда журналист Нағашыбай Есмырза ұлтшыл-социалистердің көшбасшысын ақтап қана қоймай, сонымен бірге, мәтін ашық түрде ксенофобиялық сипатта берілген.

«Майн кампф - бұл кітап не туралы?» деген тақырыптағы басқа материалда авторлар Гитлер кітабын талқылайды.

Журнал Жарылқап Қалыбайдың редакторлығымен шығарылған.

Соңғы жаңалықтар