13:16, 23 Қазан 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Зүлфия Қытайдан төрт күннен кейін қайтып келеді - Қайрат Тұрлыханов
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Зүлфия Чиншанлоға байланысты шыққан шуға орай Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті «Аламан» спорт агенттігіне арнайы сұхбат берді.
Федерация басшысы: « Мая Манеза мен Зүлфия Чиншанло Қытайға туысқандарына кеткен еді. Манеза қазір елге қайтып келді. Ал Зүлфия 27 қазан күні оралуы тиіс. Ұшаққа билеті сол күнге белгіленген. Қытайлық басылымдағы ақпарат жалған», - деп түйіндеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың «Sohu.com» ақпараттық сайтының бүгінгі санында Зүльфия Чиншанлоның Қытайға қайта оралып, 2016 жылғы Олимпиадаға Қытайдың атынан шығуға ниетті екендігі жазылған болатын.