Шүлбі су қоймасында қайықтан құлаған ер адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі су қоймасында қайықтан құлаған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шүлбі су қоймасында қайықтан құлаған ер адам құтқарылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 тамыз күні құтқарушыларға Шүлбі су қоймасында қайықтан құлап кеткен ер адамның өз бетімен судан шыға алмай жатқандығы жайлы хабар түскен.

«Оқиға орнына бірден №40 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен төтенше жағдайлар кезінде бірлесе әрекет ету жайлы келісім аясында «АЭС Шүлбі су электр стансасы» ЖШС жұмысшылары келіп жетті. Олар 31 жастағы азаматты судан шығарып, жағаға жеткізіп тастады. Оның денсаулығына ешқандай зақым келмеген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД өңір жұртшылығына су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.