Шумахер ауруханадан шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Михаэль Шумахер Лозаннадағы ауруханадан шықты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Айта кетейiк, Михаэль Шумахер өткен жылдың соңында француздық Мерибель қаласында шаңғы теуіп жүріп, ауыр жарақат алған. 45 жасар шабандоз жарты жылға жуық уақыт жасанды комада жатқан болатын. 16 маусымда дәрiгерлер оның комадан шыққандығын мәлiмдедi және ол Гренобльдағы ауруханадан Лозаннадағы сауықтыру орталығына жiберiлген еді.