Шумахер денсаулығына байланысты «Формула-1»-ге орала алмайды
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - «Формула-1»-дің жеті мәрте чемпионы Михаэль Шумахер «Үлкен жүлдеге» орала алмайтынын мәлімдеді. Жарыскердің сейсенбі күні өзінің ресми сайтында айтқанындай, ақпанда алған жарақатына байланысты мойнының сыр беруі себеп болған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Валенсиде тамыздың 21-і мен 23-і аралығында өтетін «Ф-1» чемпионатының 11-ші кезеңінде Шумахер «Ферраридің» құрамында Венгрия Гран-при жүлдесінде аварияға ұшыраған бразилиялық Фелипе Массуді ауыстырады деп ұйғарылған болатын.
Оның айтуынша, итальяндық Муджелло автодромында жаттығу кезінде шүйдесінің ауыруы қайта қозған, ол әлі құлан-таза айығып кете қоймаған. Шумахер бұған өкініш білдіргенін және келесі кезеңде команда үшін жанкүйер болатынын айтады.