Шумахерді чемпиондыққа жеткізген автомобиль рекордтық сомада сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеті рет әлем чемпионы атанған Михаэль Шумахердің "Формула-1" класындағы Ferrari F2001 жарыс автомобилі Sotheby's аукционында 7,504 млн долларға сатылды.
Атақты автошабандоз осы темір тұлпарымен Монакодағы өзінің соңғы Гран-приінде ұтып, төртінші чемпиондық титулын мерзімінен бұрын жеңіп алған еді.
F2001 автомобиліне төленген ақша сомасы қазіргі заманғы жарыс машиналарының ішіндегі рекордтық баға болып отыр, деп хабарлайды Motorsport.
Сатылымнан түскен қаражаттың бір бөлігі Keep Fighting қорына беріледі.
Айта кеткен жөн, жалпы "Формула-1" тарихындағы сатылымдарда 1954 жылы шығарылған Mercedes W196 ең қымбаты болып отыр. 2013 жылы бұл автомобиль 29,6 млн долларға саудаланған.