Шумахердің өмiрбақи мүгедек болып қалуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр тау шатқалында шаңғы теуiп жүрiп, басынан ауыр жарақат алған "Формула-1" жарысының жетi дүркiн чемпионы Михаэль Шумахер өмiрбақи мүгедек болып қалады, деп хабарлайды 20 minuten швейцариялық басылымы.

Шумахердің өмiрбақи мүгедек болып қалуы ықтимал

Айта кетейiк, 45 жасар Шумахер жарты жылға жуық уақыт жасанды комада жатқан болатын. 16 маусымда дәрiгерлер оның комадан шыққандығын мәлiмдедi және ол Гренобльдағы ауруханадан Лозаннадағы сауықтыру орталығына жiберiлдi.

"Ол өмiр бойы мүгедек болып қалады", - дейдi Швейцарияның ең танымал нейрохирургы Эрих Ридерер. - Мұндай жарақаттар iз-түссiз кетпейдi".