Шүменов атақты ринг-анонсер Бафферді Қазақстанға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) әлеуметтік желіде танымал ринг-анонсер Майкл Бафферге жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Шүменов атақты ринг-анонсер Бафферді Қазақстанға шақырды

Еске сала кетсек, кеше Твиттерде Баффер Шүменовке биыл жазда Қазақстанға барғысы келетінін қазақ тілінде жазып еді. «Керемет! Қазақстан сізді көргеніне қуанышты болар еді», - деп жауап берді Бейбіт америкалық конферансьеге.

Майкл Баффер Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында бокс кешіне қатысады деп күтілуде.