Шүменов IBO рейтингінде үздік ондыққа ілікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық боксшылар ұйымының тұжырымы (IBO) бойынша ай сайынғы спортшылар рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Шүменов IBO рейтингінде үздік ондыққа ілікті

Мұндағы кейбір өзгерістер Қазақстан спортшыларын да айналып өтпеді.

Сонымен, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам 60-орыннан 48-ге көтерілді. Орташа ауыр салмақты Бейбіт Шүменов 11-позициядан 10-ға жоғарыласа, Иса Ақбербаев 33-тен 32-орынға жайғасты.