Шүменов: Көп сөз рингке көтерілгеннен кейін көмектеспейді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бірінші ауыр салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов алдағы қарсыласы кубалық Юниер Дортикос  туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шүменов: Көп сөз рингке көтерілгеннен кейін көмектеспейді

Ол өзінің Инстаграмдағы жеке парақшасында «Уақыт жақындап келеді. Қарсыластарымның көп сөзі рингке көтерілгеннен кейін көмектеспейді», - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Шүменов - Дортикос айқасы 29 сәуірде Лас-Вегаста өтеді. Бұдан бұрын жекпе-жек ақпанға белгіленген еді. Бірақ промоутерлік Caribe Promotions компаниясы өзінің кездесуді ұйымдастыру құқығынан айырылып, айқас белгісіз уақытқа шегерілген болатын.