Шүменовтің бапкері келесі қарсыласы туралы тосын мәлімдеме жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боксшы Бейбіт Шүменовтің бапкері Владимир Ткаченко Sports.kz тілшісіне қазақстандықтың түрік Хизни Алтункаяны жеңуіне қатысты сұхбат берді.
- Бейбіт өз міндетін тамаша атқарды. Бірінші раундта бауырынан соққы берді, төреші оны нокдаун деп есептеді. Осыдан кейін ол жекпе-жек бойы қарсыласын қыспаққа алып, оның әрекет етуіне мүмкіндік бермеді. Шүменов өте жақсы дайындалды, сондықтан ол жігіттің жеңетін мүмкіндігі болған жоқ. Төрешінің айқасты тоқтатқанын өздеріңіз көрдіңіздер.
- Шүменов бастапқы раундтарда қарсыласына жақсы соққылар берді, бірақ түрік боксшысын соңына дейін соққыламауы біртүрлі көрінді.
- Бұл бокс, Бейбіт бәрін дұрыс жасады. Ол жақсы жұмыс істеді, үнемі корпустан шабуылдады, кейін түрік боксшысы тоқтап қалды.
- Бокстың алдында қандай нәтиже күттіңіздер? Нокаутты қай раундта болады деп ойладыңыздар?
- Бейбіт жекпе-жектің екінші жартысында жеңеді деп ойладым. Себебі, түрік - жақсы жігіт.
- Бұл айқас Бейбіт Шүменовтің сол деңгейге оралуға дайын екендігін көрсетті. Үлкен жекпе-жектерге қашан шығасыздар?
- Иә, келесі жекпе-жекте оның қарсыластары мықты болады деп ойлаймын. Алдағы уақытта Усик - Гассиев айқасының жеңімпазымен кездесіп қалуымыз мүмкін. Біз оған дайындалып, тек алға ұмтыламыз.