Шүменовтің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің (17-2, 11 КО) жаттықтырушыларының бірі Тейлор Берри өз қамқоршылығындағы спортшының жуырдағы жоспары жайлы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Шүменовтің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

«Бейбіт Шүменов ауыр жарақаттан кейін қалпына келе бастады және жыл соңына дейін WBA әлем чемпионы белбеуін қорғайды», - деп жазды Берри Instagram парақшасында.

WBA-ның «тұрақты» чемпионы Шүменов 29 сәуір күні бірінші ауыр салмақта аталмыш титулдың «уақытша» иесі кубалық Юниер Дортикоспен (21-0, 20 КО) айқасуы тиіс болатын, алайда қазақстандық спортшының ауыр жарақат алуына байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылды.