Шұңқырға құлаған Павлодар тұрғыны оқиға орнында көз жұмды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы үлкен көшенің жаяу жүргіншілерге арналған жолында шұңқырға түсіп кеткен ер адам одан шыға алмай, үсіп өлді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Шұңқырға құлаған Павлодар тұрғыны оқиға орнында көз жұмды

«Оқыс оқиға Қамзин көшесіндегі 106-үйдің алдында болған. Полиция қызметкерлері барғанда ер адамның денесі тереңдігі 2,5 метр шұңқырда жатқан. Сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес, оның өліміне организмінің тұтастай тоңуы себеп болған», - дейді Павлодар полициясындағылар.

38 жастағы Евгений Ильиннің денесі 16 желтоқсан күні шамамен 12:50-де қаланың үлкен көшелерінің бірінен табылған. Оның үйсіз адам болмағаны белгілі. Ер адамның мас күйде болған-болмағаны токсикологиялық сараптаманың нәтижелерінен кейін анық болады. Инстаграмда қалалықтарға қауіпті шұңқыр туралы ескертетін видео тарады.

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo) Дек 21, 2017 at 11:57 PST