Шварценеггер «Терминатор-5» фильмінде тағы да басты рөлге оралады

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Арнольд Шварценеггер «Терминатордың» бесінші бөлімінде қайтадан басты рөлдердің бірі - Т-1000 рөлін сомдайды. Бұл туралы актер онлайн-конференция барысында The Sun басылымына хабарлады.

Шварценеггер «Терминатор-5» фильмінде тағы да басты рөлге оралады

Утро.ру хабарлағандай, Арнольд Шварценеггер «Терминатордан» басқа, «Егіздер» комедиясының жалғасына түспек ниетте. Фильмнің алғашқы бөлімі 1988 жылы экранға шыққан, онда Шварценеггер мен Денни де Вито ағайындыларды ойнайды.

Арнольд Шварценеггер саяси мансабына байланысты он жылдық үзілістен кейін киноға қайта оралды. 2003 жылы ол Калифорния штатының губернаторы болып сайланған болатын.