Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шварценеггер Трамптың мигранттар туралы жарлығын «ақылсыздық» деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Калифорния штатының бұрынғы губернаторы  және Голливуд актері Арнольд Шварценеггер АҚШ президенті Дональд Трамптың жеті елдің азаматтары мен босқындарына ел аумағына кіруге тыйым салатын көші-қон жайлы жарлығын сынға алды, деп жазады The Hill.

Шварценеггер Трамптың мигранттар туралы жарлығын «ақылсыздық» деп атады

«Бұл нағыз ақылысыздық, мұндай үкіметтік жарлықтарға Ақ Үйдің дайын болмауы миға қонбайды», - деп мәлімдеді Шварценеггер. Оның пікірінше, «аталған мақсатқа қол жеткізудің өзге де жолдары бар».

Одан бөлек, Шварценеггер жарлықтың Әділет министрлігімен және АҚШ ұлттық қауіпсіздік министрлігімен мақұлдануы керектігін атап өтті.