Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Швеция 10 миллионыншы тұрғынын күтіп отыр

 АСТАНА. ҚазАқпарат -  Швеция халқының саны алдағы аптаның соңына қарай 10 миллион адамнан асуы тиіс. Бұл туралы Швед радиосы  Орталық статистикалық бюроға (ОСБ) сілтеме жасап хабарлады.

 Швеция 10 миллионыншы тұрғынын күтіп отыр

 «Біздің есебіміз бойынша,  бұл 20 қаңтарда  08:00-ге бірнеше минут қалғанда болады»,- деп мәлім етті халықтың саны жөніндегі  ОСБ сарапшысы Томас Юханссон.

2004  жылы Швеция 9-миллионыншы тұрғынның туғанын атап өтті. Соңғы онжылдықта  халықтың өсімі жылдан жылға артып келеді және 2016-да  18 ғасырдан, яғни статистика жүргізілгеннен бергі ең  көп бала туу көрсеткіші тіркелді. Сондай-ақ енді 7 жылдан кейін тағы 1 миллионға өсуі күтіліп отыр.