Швеция 80 мың мигрантты елден шығаруды жоспарлап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция ішкі істер министрі Андерс Игеман ел билігі босқын мәртебесіне үміткер 80 мыңға жуық адамды елден шығаруға ниетті екенін мәлімдеді.

Швеция 80 мың мигрантты елден шығаруды жоспарлап отыр

Министрдің айтуынша, ол үшін чартерлік авиарейс жалдамақ және бұл операцияға бірнеше жыл кетеді, деп хабарлады Би-би-си.

2015 жылы Швециядан 163 адам босқын мәртебесін сұраған. Қазір оның 58800-і қаралып, 55 пайызы мақұлданды.

Швецияда қаңтар басында Даниямен шекарада құжаттарды уақытша тексеру жүргізілді. Енді оңтүстіктен автобус, пойыз, кемемен келген босқындар тиісті рұқсатсыз Швецияға өте алмауда.