Швеция академигі «Википедияға» 3 млн.-ға жуық мақала шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция академигі Сверкер Йоханссон «Википедия» электронды энциклопедиясында жарияланған үш миллионға жуық мақаланың авторы болды. Бұл ондағы барлық мақаланың 10 пайызын құрап отыр.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, профессор Сверкер Йоханссон «Lsjbot» атты бағдарлама әзірлеп, электронды деректер көздерінен ақпарат жинайды және «Википедия» үшін мақалалар дайындайды. Негізінен, ол бағдарлама тек базалық ақпаратты жинақтайды. Осы әдіспен, профессор күніне 10 мыңға дейін мақаланы әзірлейді екен. «Lsjbot» жинақтаған мақаланың үштен бір бөлігі швед тілінде жазылған. Ғалым бейтаныс жануарлардың түрлеріне, көбелектер және аралар туралы материалдарға ерекше назар аударады екен.