Швеция ханзадасы Карл Филипп реалити-шоу жұлдызына үйленбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы йога оқытушысы және реалити-шоу жұлдызы София Хеллквист Швеция ханзадасына - король Густав XVI-ның жалғыз ұлы және екінші баласы Карл Филиппке тұрмысқа шығады, деп хабарлады Би-би-си.

Швеция ханзадасы Карл Филипп реалити-шоу жұлдызына үйленбек

Бұрын София Хеллквист сән журналдары және басқа да басылымдар үшін суретке түскен болатын. 30 жастағы Хеллквист өзінің өткен өміріне өкінбейді және оның айтуынша, тойдан кейін қайырымдылық шараларымен айналыспақ.

36 жастағы Карл Филипп өзінің апасы Виктория мен оның кішкентай қызы Эстельден кейін таққа үшінші мұрагер.

София Хеллквист бірнеше ғасырлардан бері Швецияның корольдік отбасының тегі дворяндыққа жатпайтын алғашқы мүшесі болғалы тұр.

Стокгольмде өтетін салтанатты Швецияның жарты миллионға жуық тұрғындары мен туристері тамашалайтын болады.

Соңғы әлеуметтік сауалдамаларға қарағанда, Скандинавияның ірі еліндегі корольдық отбасының танымалдығы төмендеп барады.