Швеция королі Карл XVI Густав жол апатына ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция королі Карл XVI Густав өзінің Дроттнингхольм резиденциясының маңындағы Нокебюбрун көпірінде жол көлік апатына ұшырады.
Полицияның ақпаратынша, оның көлігі өзге автомобильге соғылған.
"Король көлігіне айтарлықтай зиян тисе де, өзі жапа шеккен жоқ", - деп мәлімдеді король сарайының баспасөз хатшысы Маргарета Тургрен.
Куәгерлердің айтуынша, король көлігінен өз бетінше шығып, өзге машинаға отырған. Корольдік кортеж ары қарай Брумма әуежайына бет алды. Жоспарға сәйкес бүгін монарх солтүстік Шеллефтеоға ұшпақ. Онда жергілікті компания өкілдерімен кездеседі.