Швеция тұрғыны балаларын атыс ойындарынан жеріндіру үшін Газа секторына алып барған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шведтік журналист әрі оқытушы Карл-Магнус Хельгегрен өзінің ұлдарын компьютерлік Call of Duty атыс ойынынан жеріндіру үшін оларды Газа секторына алып барған. Әкесі шынайы соғыс жағдайын көзімен көрген соң ұлдары виртуалды қаруын тастайды деп шешкен.

Швеция тұрғыны балаларын атыс ойындарынан жеріндіру үшін Газа секторына алып барған

Сапар күткендей нәтиже берген, елге келісімен балалар атыс ойынынан бас тартыпты.

Олар шығыс Иерусалимдегі босқындар лагерінде болып, жарақаттарын тіктіріп жатқан балаларды көзімен көрген, деп жазады The Local.

«Мен 29 жасқа келгенге дейін соғыс жайлы ештеңе білмей келіппін, соны түсіндім. Ал, менің балаларым компьютер ойынында атысып жатқан сәтте, палестиналық балаларға шынайы өмірде де біреулер оқ атып жатқанын сезінетін болды», - деді Хельгегрен.