07:39, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Швецияда болатын ұшқыштар ереуілі жолаушыларға әсерін тигізеді
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Елдің ішкі желілерімен ұшатын 23 мыңға тарта жолаушылар сәрсенбі күні өздерінің көздеген жерлеріне жету үшін қиындықтарға тап болмақ.

Себебі бүгін, маусымның 16-сы күні сағат 05.00 (07.00) швед ұшқыштары ереуілге шығады, деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі жергілікті БАҚ сілтеме жасай отырып.
Акцияға 2 мың ұшқыш қатысады. Ұшқыштардың мұндай қадамға баруына себеп - Швед ұшқыштары қауымдастығының жұмыс беріп отырған әуетасымал саласындағы жұмыс берушілер қауымдастығымен келісімге келе алмауы.