16:18, 04 Маусым 2017 | GMT +5
Швецияда босқындарды қабылдау орталығы жанып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт Швецияның шығыс жағалауындағы Йевлеборг провинциясы Сёдерхамн қаласында босқындарды орналастыру орталығында болған.

SVT телеарнасы полицияға сілтеме жасап хабарлағандай, мигранттардың ешқайсысы зардап шекпеген.
Құқық қорғау органдары ғимараттың үштен екі бөлігін жайпаған өртті біреу әдейі ұйымдастырғанын айтуда.
Өрт кезінде орталықта 60-70 шақты адамның болғандығы және олардың сыртқа шығып үлгергендігі туралы аталып өтілген.