19:58, 22 Қазан 2015 | GMT +5
Швецияда I Петрдің суға кеткен қайығы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швециялық және ресейлік дайверлер тобы I Петрдің суға кеткен The Transport Royal яхтасын тапты, деп жазды epochtimes.ru.
Қайық қалдықтары Батыс Швецияның жағалауында Гетеборгтың маңында табылды. Ғалымдар қайықтың батқан жерін көп уақыт іздеді.
The Transport Royal -28 метрлік желкенді қайық. 1698 жылы оны I Петрге Англия королі Вильгельм III Оранский сыйлаған.
Бұл өз заманындағы ең шапшаң жүзетін кеме болған. Қайық Архангельсктен Балтикаға бет алғанда суға кеткен.
Болжам бойынша, ол дауыл кезінде батып кеткен. Тек 25 теңізші ғана аман қалды.