Швецияда маса аулаудан әлем чемпионаты өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияның Эвертурнео қаласында маса аулау бойынша әлем чемпионаты өтті.
Екінші рет өткізіліп отырған маса аулау сайысына 42 адам қатысқан. Сайыс барысында олар 700-ден астам маса ұстаған.
Биыл 15 минутта 135 маса аулаған Кристоффер Экерсунд чемпионат жеңімпазы атанды. Өткен жылы екінші орын алған Кристофер биыл былтырғы жеңімпазды ығыстырды.
Жеңімпаз маса аулаудың қыр-сырымен бөліскен жоқ. Алайда, чемпионаттың өзге қатысушыларына бірнеше ұсыныстар айтты.
«Қансорғыш жәндіктің назарын өзіңе аудару үшін қара түсті киім киіп, терлеу керек. Одан кейін қозғалмай бір орында тұру керек», - деді әлемдегі үздік маса аулаушы.