Швецияда өзінен-өзі тазаратын ыдыс жасап шығарылды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Швецияда өзінен-өзі тазаратын ыдыс жасап шығарылды, деп хабарлайды РБК.

Швецияда өзінен-өзі тазаратын ыдыс жасап шығарылды

«Ақылды» ыдысты шведтік Tomorrow Machine дизайнерлік студиясы мен Innventia зерттеу компаниясы ойлап тапқан. Ыдыс целлюлозадан жасалған және суға төзімді инновациялық жабындымен қорғалған. Ғажайып тәрелкелерге сұйықтық жұқпайды екен. Тек оны төңкере салсаңыз болғаны, ішіндегі тамақ қалдықтарының бәрі өздігінен сырғып түсе кетеді. Тәрелкелер мен ыдыстарды сүртудің де қажеті жоқ. Демек мұндай ыдысты қолданушылар ыдыс сүртетін орамалдан да, оны жуатын судан да үнемдейді. Су тапшылығы келе жатқан заманда мұндай ыдыстың пайдасы зор-ақ. Өкінішке орай, жоғарыда аталған суға төзімді қаптама әртүрлі инстанциялардан әлі рұқсат алып үлгерген жоқ.