Швецияда тек мұздан жасалған аспаптармен орындалатын концерт өтеді

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Энтузиастар тобы Швецияның солтүстігіндегі Лулео қаласында өзгеше музыкалық бағдарлама дайындап жатыр.

Швецияда тек мұздан жасалған аспаптармен орындалатын концерт өтеді

Ол шығармалардың мұздан жасалған аспаптар арқылы орындалуымен ерекшеленбек.

Қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Дөңгелек күмбез тәріздес бұл орын 160 көрерменге арналған. Сондай-ақ, бірнеше музыкалық аспаптар дайындалып жатыр. Олар үш ай бойы ойналатын болады.

«Мұндағы қолайлы температура минус бес градус. Егер қатты суық болса, аспаптар сынуы мүмкін. Ал егер тым жылы болса, еріп кетуі ықтимал», - дейді «Айс Мьюзик» жобасының өкілі Карин Оберг.

Бұл жобаның жетекшісі - Тим Линхарт. Ол мұздан мүсін жасаумен 30 жылға жуық айналысып келеді. Оның ойынша, аталмыш концерт осы жылдың жауһарына айналуы керек.

Оркестр тек ішекті музыкалық аспаптардан тұрады. Оларға барабан мен ксилофон қосылған.

Ал, репертуарға фольклорлық шығармалармен бірге, заманауи музыка да енген.

Бұл шоу 28 желтоқсан күні басталып, 6 сәуірге дейін жалғасады.