19:37, 29 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Швецияда тонаушылар тікұшағының ұшқышы тұтқындалды
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Швецияда соңғы онжылдықтағы ең атышулы тонау ісіне қатысты деген күдікпен бес адам тұтқындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Бір топ тонаушылар ұрлап мінген тікұшақты және жымқырған жарылғыш затты пайдалана отырып, жақсы күзетке алынған қолма-қол ақшалар қоймасының шатырына қонып, күзетшілерді бейтараптандырады және сомасы белгісіз қолма-қол ақшаны алып, ұшып кетеді. Іс бойынша тұтқындалғандар туралы Содерторн округында қоғамдық қорғаушының белгіленуіне байланысты мәлім болды.
Швецияның ең атақты адвокаттарының бірі Лейф Соборски тонаушылар пайдаланған тікұшақтың ұшқышын қорғайтын болады.